
Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Пандемия кезінде олар қашықтан форматқа көшіп кетсе де, өнер жанкүйерлерімен байланысын үзбеді. Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралып, көрермендерді жаңа шығармашылық жобаларымен қуантып жүр.

Мәдениет жұлдыздары салтанатты рәсімге С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында жиналды. Қызыл кілем, жанкүйерлердің қуанышы, осы күннің бас кейіпкерлері сахнада кездесті.

Театр холлында көрме ұйымдастырылды.


– Біздің өмірімізді картиналарсыз, театр спектакльдерінсіз, кинофильмдерсіз, әдебиетсіз елестету қиын. Сіздер, шығармашылық мамандықтардың өкілдері, мәдениеттің дамуына үлес қосып қана қоймай, рухани мұрамызды сақтап қаласыздар, – деп құттықтады аймақ басшысының орынбасары Ербол Әліқұлов. – Қарағанды облысы әрқашан таланттарға бай болған және болып қала береді. Әрқайсыңыздың ерекше және танымал қолжазбаңыз бар, лайықты құрметке иесіздер. Облыстың көптеген кәсіби ұжымдары тек республикада ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Ауылдық мәдениет мекемелерінің келбеті жылдан жылға өзгеріп, көркемөнерпаздар деңгейі өсіп, кітапханалар жаңғыртылып жатқаны қуантады.

Салтанатты рәсімде кәсіби байқаудың қорытындысы шығарылды. Мәдениет пен өнердің үздік қызметкерлеріне сыйлықтар, дипломдар мен естелік мүсіншелер табыс етілді.

Биыл байқауға 115 өтінім келіп түсті. Комиссия 23 номинация бойынша жеңімпаздарды таңдады.

"Мамандыққа адалдығы үшін" бас марапатының және миллион теңге сертификатының иегері сахна ардагері, С. Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері Мекен Қисықов болды.
Ол театрда жарты ғасырға жуық қызмет етіп келеді.

– Менің көпжылдық еңбегімді бағалағандарыңызға алғысымды айтамын! Біздің Қарағанды облысы әрқашан еліміздің мақтанышы болсын! Әріптестерімді құттықтаймын, республикалық және халықаралық байқауларда жеңістер тілеймін. Біздің елімізге амандық пен ашық аспан тілеймін! – деді лауреат.

Мерекелік концертке танымал қазақстандық HASSAK фолк-тобы, музыкант-джазмен Оралхан Алтынбеков, певец и блогер Colorit (Арыстан Әбілдин) және т. б. қатысты.

2022 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаттары:

- "Жыл әртісі" – Рахат Қошжанов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театрының әртісі.
- Андрей Марычев – К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері;
- "Жыл әртісі" – Ирина Мальчихина, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:
- "Үздік эпизодтық рөл" – Виталий Ковалев, Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі;
- "Жылдың үздік театр режиссері" – Дунай Еспаев, режиссер, К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының жетекшісі;
- "Эстрада жанрындағы жылдың үздік вокалисі" – Алуа Вали, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Әуен " ансамблінің солисі;
- "Классикалық жанрдағы жылдың үздік вокалисі" – Анаргүл Наурызхан, солист, Осакаровка кентінің мәдени-сауық орталығының музыкалық жетекшісі;
- "Халық әнінің үздік орындаушысы" - Медет Осатаев, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің солисі;
- "Жыл аспапшысы" – Наталья Катанцева, Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің әртісі;
- Татьяна Батырева, Қарағанды музыкалық комедия театры оркестрінің әртісі;
- "Солист-инструменталшы" – Сәуле Рахымғалиева, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі;
- "Жыл дирижері" – Байқара Сәдуақасов, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі;
- "Жыл композиторы" – Марат Сүтішев, композитор, Тәттімбет атындаүы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы;
- "Жыл хореографы" – Динара Абдрахманова, Балқаш қаласы Мәдениет сарайының Струсинских атындағы "Ветерок" үлгілі хореографиялық ансамблінің бас балетмейстері;
- "Үздік балет және хореографиялық ұжым әртісі" – Руслан Гамидов, Қарағанды музыкалық комедия театрының балет әртісі;
- "Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі" – Марина Бакенова, Теміртау қаласының "Ронд" би-спорт клубының жетекшісі;
- "Бос уақытты үздік ұйымдастырушы" – Галина Мамлютова, Абай ауданының мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
- "Ауылдың үздік мәдениет қызметкері" – Анар Тәжібекова, Шет ауданының мәдени-сауық орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
- "Ауылдың үздік кітапханашысы" – Замзагүл Сатекова, Ақтоғай ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры;
- "Алтын шумақ" – Ілияс Мұхаев, облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары;
- Ерік Нарын, ақын, облыстық SARYARQA телеарнасының редакторы;
- "Үздік кітапханашы" – Балбөпе Мусина, Жезқазғанның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітаптарды толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі;
- "Үздік айтыскер" – Мақсат Аханов, Қарағанды облысының айтыскері;
- "Үздік мұражай қызметкері" – Татьяна Хмелева, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері;
- "Жылдың үздік суретшісі" – Александр Лапин, қоюшы суретші, Саңыраулар мәдениет үйінің Қарағанды халық мимика және ым-ишара театрының көркемдік бөлімінің меңгерушісі;
"Мамандығына адалдығы үшін" – Мекен Қисықов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театрының актері.