
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 20 мамыр күні сағат 11:00-де Абай қаласы, Абай көш., 23а мекенжайы бойынша Мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – 13:00.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-72131) 7-99-09 (ішкі – 038) телефоны бойынша жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыра аласыздар немесе ev.shestakova@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіздер.