
Нұра ауданында Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра-Теміртау республикалық тас жолының Нұра – Ақмешіт учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс барысымен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек танысты.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы өкілдерінің айтуынша, Ақмешіттен Теміртауға дейінгі жолдың жағдайы жақсы. Биыл Нұра – Ақмешіт учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Нұра – Мыңбаев жолының 27 шақырымы суық ресайклинг әдісімен жөнделеді. Мыңбаев – Алғабас – Ақмешіт жолының 32 шақырымында беткі қабат кедір-бұдырлы өңдеуден өтеді.

2023 жылы Елордаға қарай Көбетей – Нұра учаскесін жөндеуге кіріседі. Суық ресайклинг технологиясы бойынша 27 км жөнделеді.

Сондай-ақ, Нұра – Шахтерское – Пржевальское облыстық маңызы бар автожолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 20 км ретке келтіріледі. Жұмыстар биыл аяқталады деп көзделіп отыр.
