
10 мамырдан бастап Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде. Егіс алқаптары ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды. Аграршылар тұқыммен, арзандатылған дизель отынымен, минералды тыңайтқыштармен және пестицидтермен толық қамтамасыз етілген.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра және Осакаров аудандарының ауыл шаруашылық өндірушілерімен кездесті. Фермерлер егістің қалай өтетіні туралы айтты.
Нұра ауданында облыс басшысы «Қайнар» және «Шахтерское» ауыл шаруашылығы құрылымдарының алқаптарын аралады.

Биыл алғаш рет «Шахтерское» ЖШС картоп отырғызудың жаңа әдісін қолданатын болады. Ол үшін американдық жабдықтар сатып алынды. Мұнда Германия мен Голландия селекционерлері өсіретін картоптың екі жаңа сұрыптары отырғызылды. Шаруашылық өкілі Виталий Прокоп айтқандай, картоп отырғызудың жаңа әдісі өнімділікті арттырады және түйнектердің сапасына оң әсер етеді. Бүгінгі таңда картоптың 44%-ы отырғызылды. Картоп өсіру саласына шаруашылық 300 млн теңге инвестициялады. Сондай-ақ, мұнда алғаш рет майлы шалғам өсіріледі.

«Қайнар» шаруашылығында егіс алқабы ұлғайтылды. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 36 мың гектарға себіледі, егінді сақтау үшін бес астық қоймасы бар. Жұмыстар да белсенді қарқынмен жүргізілуде.
Жеңіс Қасымбекке Осакаров ауданындағы егіс науқаны туралы аудан әкімі Нүркен Көбжанов баяндады. Жұмыс уақытылы жүріп жатыр. Фермерлер тұқыммен және ЖЖМ-мен толық қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде алқаптың 27,8 % егілді.
Облыс әкімі «АгроЛето-2018» және «Найдоровское» ЖШС болды. Олардың біріншісі дәнді дақылдарды – бидай мен арпаны өсіруге мамандандырылған. Биылғы жылы шаруашылықта 200 га қатты бидай, 55 га жұмсақ бидай және 189 га арпа егу жоспарланған, деді «АгроЛето-2018» ЖШС директорының орынбасары Вячеслав Смирнов. Алғаш рет зығыр 415 га жерге егілді. Техника паркі 100 % жаңартылды.

Аудандағы ең ірі шаруашылықтардың бірі – «Найдоровское» – өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылы бидай егістігінің алқабы 10 мың гектарға дейін, бұршақ дақылдары (қыша) – 900 гектарға дейін, майлы дақылдар (зығыр) – 6 мың гектарға дейін жеткізілді, картоп отырғызу алаңы – 334 гектарға дейін ұлғайтылды, аталмыш шаруашылық өңірде астықтың резервтік қорын және жеміс-көкөніс өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қатысады.
Қарағанды облысында ауа райы көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде бастауға мүмкіндік берді. Бұл 2021 жылғы деңгейден 45 мың гектарға жоғары, жоспардан дәнді дақылдардың 35%-дан астамы, картоптың 50%-дан астамы және көкөністердің 20%-ы егілді.

– Биыл минералды тыңайтқыштарды пайдалану алаңының үлес салмағын 40%-ға дейін арттырамыз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 20 мың тонна тыңайтқыш тиелді, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров. – Осы бағытта субсидия төлеу басталды. Сондай-ақ пестицидтер бойынша 2 млрд теңгеден астам субсидия жоспарланған.
Қолайлы ауа райы жағдайында Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарын 28 мамырда аяқтау жоспарлануда.