Азия Кубогында қарағандылық дзюдошылар сегіз медальға ие болды

Азия Кубогында қарағандылық дзюдошылар сегіз медальға ие болды

Қарағандылық спортшылар дзюдодан кадеттер мен жастар арасындағы Азия Кубогында екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Жарыс Бекет Махмұтовты еске алуға арналды.

Алматыда өткен құрлықтық жарысқа 500-ден астам спортшы қатысты. Мұнда Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және АҚШ балуандары жиналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тек лайықты марапаттарға ғана емес, халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингісінде де ұпай алды. Бірінші орын үшін – 100, екінші орын үшін – 60, үшінші орын үшін – 40.

Егор Раков (81 келі, "Жас сұңқар" спорт мектебі) және Аида Тойшыбекова (78 келі, Ә. Молдағұлова атындағы ОРСМИК) үздік атанды. Күміс жүлдеге Асқар Біржанов (81 келі, "Жас сұңқар" спорт мектебі) және Қайрат Аяулым (52 келі," Жас сұңқар" спорт мектебі) ие болды. Қола медальдарды Айзат Наукенова (40 кг с/д, Ә. Молдағұлова атындағы ОРСМИК), Алима Жұмағалиева (52 кг с/д, Ә. Молдағұлова атындағы ОРСМИК), Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг с/д, Сәтпаев қ. ОРМБЖМ) және Дінислам Дінмұхаметов (90 кг дейін, Жезқазған қ. ОРМБЖМ).

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша