
Ертең, 19 мамыр күні сағат 10:30-да Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайыммен кездесу өтеді.
Жас оқырмандарды сол күні сағат 14:00-де Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің мәдениет үйінде күтеді.
Ал 20 мамыр күні сағат 11:00-де Топар кентінің кітапханасы балалар жазушысымен кездесуге шақырады.
Абай кітапханасы осы секілді шараларды "Балалар, сіздер үшін жазамыз!" облыстық кітапханалық жоба аясында ұйымдастырады.
"Жоба бойынша балалардың белгілі жазушыларымен, ақындармен, драматургтермен және кітап иллюстраторларымен бірқатар кездесулерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Жобаның алғашқы қонағы - белгілі балалар жазушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты - Толымбек Әбдірайым", - дейді кітапханада.
Анықтама телефондары: 41-23-26, 8-777-893-27-79.