Сәтбаев қаласында өткен «Шындығымен елі сүйген Шынболат» мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы шығарылды

Сәтбаев қаласында өткен «Шындығымен елі сүйген Шынболат» мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы шығарылды

Сатбаев қаласында ақынның 85 жылдығына арналған «Шындығымен елі сүйген Шынболат» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бас жүлдені Сатбаев пен Ұлытау оқушылары жеңіп алды.

Жезқазған, Сәтбаев, Жаңаарқа ауданы және Ұлытаудан 26 үміткер байқауға қатысуға өтінім берген. Қатысушыларды екі жас санаты бойынша бөлді: 5-7 және 8–11 сынып оқушылары.

Кіші жас санатында бас жүлдені Сәтбаев қаласының №16 ЖББОМ оқушысы Мұхаммед Нұрсарыбек жеңіп алды.

– Мен бесінші сыныпта оқимын, 11 жастамын. Байқауға мұқият дайындалып, ақынның «Ортаға қала болып ұлың келді» атты шығармасын оқыдым, – дейді Мұхаммед. – Барлық қатысушылар лайықты болды. Маған Гран-при берілгенін мақтан тұтамын. Мұғалімдеріме дайындықтары үшін және туыстарыма қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Болашақта ақынның басқа да шығармаларын жатқа айтуды жоспарлап отырмын.

Бұл санатта бірінші орын № 15 ЖББОМ (Сәтбаев) оқушысы Дәуіржан Тасымбекке берілді.

Жоғары жас санатында Бас жүлдені Қоскөл ауылының (Ұлытау) № 11 мектебінің оқушысы Ерасыл Құрал жеңіп алды. Бірінші орын № 19 лицейден (Сәтбаев) Гүлжан Мұхитқа бұйырды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Олардың ішіндегі ең белсенділеріне ақшалай сыйлықтар берілді.