Қарағандының шығармашылық жастарын "Жайдарман" фестиваліне қатысуға шақырады

Қарағандының шығармашылық жастарын "Жайдарман" фестиваліне қатысуға шақырады

Қарағандының Достық үйінде 23 мамыр күні сағат 17:00-де қала әкімінің кубогы үшін "Жайдарман" фестивалі өтеді. Оның тақырыбы – "Менің сүйікті қалам". Қатысу үшін 14–29 жас аралығындағы жастардан құралған шығармашылық ұжымдар шақырылады.

Өтінімдер 22 мамырға дейін келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: moo.smido.08@mail.ru.

Фестиваль мемлекеттік тілде өтеді.

Сұрақтар бойынша 8-700-550-60-80 нөміріне хабарласуға болады.

"Жайдарман" фестивалінің ұйымдастырушылары – Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы және "Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы" жастар қоғамдық бірлестігі.