Абай ауданы тұрғындарының назарына!

Абай ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 20 мамырда (уақыт қосымша хабарланатын болады) Абай қаласы, Абай көшесі, 23а мекен-жайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-72131) 7-99-09 (ішкі – 038) телефоны бойынша жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыра аласыздар немесе ev.shestakova@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіздер.