Нұра ауданы тұрғындарының назарына!

Нұра ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 18 мамыр 13:30-де Нұра кенті, Абай көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан Мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – 15:30-де.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72144) 21-7-21 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыруға немесе келесі электрондық поштаға жіберуге болады: z.ryspaeva@karaganda-region.gov.kz.