
Қарағанды хайуанаттар бағы әуесқой режиссерлер арасында "Отбасы – салауатты өмір салтының басты көрсеткіші!" атты бейнероликтер байқауын жариялады. Ұйым қызметкерлері қарағандылықтарды бірлескен шығармашылық-сауықтыру процесіне шабыттандырып, ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға ниетті.
Байқау 1 маусымға дейін өтеді. Қатысушылардың жасы 10-нан 15 жасқа дейін.
Шарттар қарапайым. Біріншіден хайуанаттар бағының Instagram-парақшасына жазылу керек. Бейнені өз парақшаңызда жариялап, @krgzoo әлеуметтік желісін белгілеңіз. Қазылар алқасы сіздің жазбаңызды қадағалай алуы үшін, директке "Қатысамын" жеп жазуды ұмытпаңыз.
Жеңімпазды жүлде күтеді.