Теміртауда қала әкімінің грантына жастар арасында байқау жарияланды

Теміртауда қала әкімінің грантына жастар арасында байқау жарияланды

Теміртауда қала әкімінің гранттары байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Қаражат жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға бөлінетін болады.

Байқауға қатысуға 18-29 жас аралығындағы ресми жұмыссыз теміртаулықтар, студенттер немесе 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар ЖК жіберіледі. Тағы бір шарт – үміткер қалада тұруы және конкурс жарияланған күнге дейін Теміртауда кемінде бір ай тұрақты тіркелемі болуы қажет.

Грант сомасы – 1 миллион теңге.

Іріктеуден кейін комиссия 20 бизнес-жобаға қолдау көрсетеді.

Өтінімдер 25 мамырға дейін электронды түрде қабылданады: granttemirtau2022@mail.ru.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7-708-968-80-58, +7-702-512-68-88.