Приозёрск қаласында өтетін республикалық сүңгуірлер тренингінде Қазақстан ТЖМ 13 құтқарушысы оқытылады

Приозёрск қаласында өтетін республикалық сүңгуірлер тренингінде Қазақстан ТЖМ 13 құтқарушысы оқытылады

Приозёрск қаласында екінші рет сүңгуірлерді даярлау бойынша екі апталық республикалық тренинг өтуде. 10 күн бойы Қарағанды, Алматы және Қызылорда облыстарының құтқару жасақтарының нұсқаушы-мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі.

Теориялық және тәжірибелік сабақтар Приозёрск құтқару станциясының базасында ұйымдастырылды. Тренингке барлығы 13 құтқарушы қатысуда.

Теориялық бөлім барысында нұсқаушылар сүңгу жұмыстары мен суға түсу негіздері бойынша сабақтар өткізеді, тереңдіктің адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерімен, әртүрлі елдердегі сүңгуірлердің біліктілік сипаттамасымен және т. б. таныстырады.

Тәжірибелік сабақтар техникалық бассейн мен Балқаш көлінде өтеді.

Аталмыш сабақтар барысында сүңгуірлер гидравликалық, пневматикалық және гидродинамикалық құралдарды пайдалана отырып, су астында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын пысықтайды.

Республикалық тренингті өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Приозёрск құтқару станциясы сүңгуірлік және суда құтқару жабдықтары мен керек-жарақтарының жаңа үлгілерімен, оның ішінде құтқарушылардың денсаулығына қауіп төндірмей, үлкен тереңдікте медициналық-оңалту іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін барокамерамен жабдықталған.

Ғимаратта қажетті жабдықтардан басқа оқу сыныптары, залдар, тұру орындары, сүңгуірлерге арналған бассейн жабдықталған. Станцияның құрылысы жоғары білікті сүңгуірлерді даярлау үшін оқу орталығын ашу қажеттілігін ескере отырып жүргізілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша