Қарағандылықтарды "Ұлы дала таңы" тарихи экшен-драмасын тамашалауға шақырады

Қарағандылықтарды "Ұлы дала таңы" тарихи экшен-драмасын тамашалауға шақырады

Қарағандыда режиссер Ақан Сатаевтың "Ұлы дала таңы" фильмі таныстырылды. Тарихи экшн-драма 12 мамырда қазақстандық прокатқа шықты.

Фильм Қазақ хандығын Жәнібек ханның ұлы Қасым хан басқарған кездер туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақ хандығы Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумақтарына бақылау орнатты, сол кезде қазақтар өз аумағынан тысқары жерлерде дербес этникалық қауымдастық ретінде белгілі болды. Қасым хан билік құрған кезеңде "Қасым ханның қасқа жолы" атты заңдар жинағы қолданылды.

Режиссер Ақан Сатаев фильмдегі жұмыста нақты, тарихи фактілерге көп көңіл бөлінгенін айтады. Әр бөлім құзыретті кеңесшілермен келісілген.

– Бұл фильмде тарих туралы, біздің мемлекеттілігіміздің XV–XVI ғасырларда қалай пайда болғаны туралы айтамыз. Бұл біздің ұлтымыз үшін өте маңызды кезең. Ұлы ата-бабалар туралы фильм. Қасым хан алғашқы Дала Конституциясын жазғаны белгілі. Фильмді түсірмес бұрын, біз ол туралы шағын сауалнама жүргіздік, өкінішке орай, біздің сұрақтарымызға барлық адамдар жауап бере алмады. Бұл олқылықты толтыру қажет, – деп есептейді Ақан Сатаев.

Картинамен үлкен түсірілім тобы жұмыс істеді – 2500-ден астам адам. Фильмнің Ноу-хауы – ол бірден түсірілім алаңында монтаждалып отырды.

– Бастапқыда біз сериал түсіруді жоспарладық, бірақ содан кейін фильмге тоқтадық. Біздің алдымызда бір жылда сценарий жазу, кино түсіру және монтаждау міндеті тұрды. Біз картинаны Тәуелсіздік күніне дейін аяқтауымыз керек еді, оны бүкіл топтың қажырлы еңбегінің арқасында жасадық. Фильм Нарынқол, Қапшағай, "Қазақфильм" киностудиясы және Талдықорған маңында түсірілген. Және бірден монтаждалып отырды. Және бұл үлкен плюс болды, өйткені режиссер әрқашан монтаждау орнында болды және өз материалын бірден түзету мүмкіндігіне и болды, – дейді режиссер.

Сценарий авторлары – белгілі кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев.

Фильмде Қасым ханның бейнесін Берік Айтжанов пен жас актер Данияр Оразаев сомдады. Айдос Әбдіқадыров пен Ерік Жолжақсынов Бұрындық ханның жастық шағы мен ересек кездерін ойнады. Сондай-ақ, түсірілімге Нұрлан Әлімжанов, Алтынай Нөгербек, Шамшагүл Меңдиярова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Қуаныш Құдайберген және басқалар қатысты.

– Мен Қасымның анасын ойнадым. Менің кейіпкерім – сол кезеңдегі қазақ әйелінің бейнесі. Мен сомдаған кейіпкер туралы ақпарат өте аз, бірақ бізге түсірілім кезінде жұмыс істеген тарихи кеңесшілер көмектесті, – деді актриса Алтынай Нөгербек.

Тарихи экшен-драма еліміздің барлық  кинотеатрларында жүріп жатыр. "Сарыжайлауда" оны 19 мамырдан бастап көрсете бастайды.