Қарағанды облысында мал азығын дайындауды арттыру жоспарлануда

Қарағанды облысында мал азығын дайындауды арттыру жоспарлануда

Қарағанды облысында мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Мал басы өсуде. Өңірде жем-шөп дақылдарын өсіру де артады. Бұл саланы дамытуға қолдау көрсетілмек. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек субсидия мәселесін шешуді тапсырды.

– Мал шаруашылығын дамыту үшін берік жем-шөп базасын құру қажет. Жем-шөп дақылдарының егіс алқаптары ұлғаюда. Биыл 81,5 мың га көпжылдық және біржылдық шөптер егіледі, бұл өткен жылдың деңгейінен 9 мың гектарға артық, сондай-ақ жемдік дақылдар егісі де артып келеді, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров аппараттық кеңесте.

Фермерлер жем әзірлеу үшін техника дайындап жатыр. Басқарманың ақпараты бойынша, 30 мыңға жуық машина мен агрегат іске қосылады.

Асқар Санаубаров облыста ет және сүт өндірісі тұрақты өсіп келе жатқанын да атап өтті. Фермерлер мал басын, соның ішінде асыл тұқымды мал басын толықтырудм. Жыл басынан шаруашылықтар 438 бас ІҚМ және 664 жылқы сатып алуға несие қаражатын алды.

2021 жылы облыста мал шаруашылығы саласында екі жоба іске асырылды: "Құрма" агрофирмасының құс фабрикасы жаңғыртылды және асыл тұқымды репродуктор салынды. Биыл жоспарланған тоғыз жобаның екеуі іске қосылды. Шет ауданында жаңа сүт-тауар фермасы және Бұқар Жырау ауданында құс фабрикасы салынды.

– Жылдан жылға ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі байқалады. Бұған мемлекеттік қолдау, оның ішінде субсидиялар түріндегі қолдау ықпал етеді. Біз мал шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тиіспіз. Жем дайындау науқанына уақтылы дайындалу керек. Ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы басқармасымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдары үшін жем-шөп шығындарын субсидиялауға қаражат бөлу мәселесін қарастырғаны жөн, – деді Жеңіс Қасымбек.