
Приозёрск қаласында алғаш рет мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына және қаланың 66 жылдығына орай "Жыл мекемесі – 2022" фестиваль-байқауы өтуде.

2,5 ай бойы жергілікті мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері спорттық жарыстарға қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Бірінші қалалық "Жыл мекемесі – 2022" фестиваль-байқауының ашылуында 13 қатысушы-команданың шеруі және арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше байқаудың басты мақсаты мекеме, кәсіпорын қызметкерлерін белсенді шығармашылық қызметке тарту, ұжымдарды біріктіру, жаңа таланттарды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Фестиваль 29 шілдеге дейін жалғасады.
