1 маусымда Қарағандыда арбалар шеруі өтеді

1 маусымда Қарағандыда арбалар шеруі өтеді

Қарағандылықтарды 1 маусым, Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын арбалар шеруіне қатысуға шақырады. Жас ата-аналар сәбилерінің арбаларын жобалау кезінде қиялға ерік бере алады.

Қатысуға өтінімдер 28 мамырға дейін 41-27-26, 8-707-121-83-99 және 8-708-294-15-36 (WhatsApp) нөмірлері бойынша қабылданады. Баланың, ата-ананың есімін, арба мен костюмдерді безендірудің негізгі идеясын көрсету қажет.

Шеруге қатысқысы келетін барлық ата-аналар мен олардың кішкентай балалары үшін жиын 1 маусым сағат 12:00-де Кеншілер мәдениет сарайының алаңында өтеді.

Қарағандылықтар үшін арба шеруі дәстүрге айналды. Биыл ол сегізінші рет өтеді.