
Қарағандының NIS оқушыларының жобалары "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жарыста бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Он бірінші сынып оқушысы Георгий Шатов пен оныншы сынып оқушысы Аружин Хайрат "Жер орбитасынан ұсақ ғарыш қоқыстарын жоюдың жаңа тәсілі" және "Жасанды гравитация жасау жолдары және оны қолдану" тақырыптарындағы жұмыстарды ұсынды.

– Менің жобам ұсақ ғарыш қоқыстары мәселесіне және жер маңындағы кеңістікті олардың бөлшектерінен тазарту тәсілдеріне арналған. Орбитаны қоқыстан тазарту оның ғарыш аппараттарымен соқтығысуын азайтуға мүмкіндік береді, бұл көп ақша қаражатының сақталуына ықпал етеді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Кесслер синдромы мәселесін шешеді, – деді Георгий.

Ғарыштық зерттеулер бойынша XVІІ халықаралық ғылыми жарыс "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы базасында өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ жақын шет елдерден келген жас зерттеушілер қорытынды кезеңде 116 жобаны ұсынды. Байқау жұмыстары "Ғарыштық техника және инфрақұрылым", "Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу", "Экология және ғарыштық қызмет", "Астрофизика және Ғаламның эволюциясы", "Күн жүйесі"сияқты тақырыптарды қамтыды.
"Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша жарыстар дәстүрге айналды және космонавтика күнін мерекелеу аясында өткізіледі. Олардың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту және космонавтика жетістіктерін насихаттау.