Қарағандылықтар Орталық саябақтағы көрмеде сирек кездесетін және қызықты автомобильдерді тамашалай алады

Қарағандылықтар Орталық саябақтағы көрмеде сирек кездесетін және қызықты автомобильдерді тамашалай алады

15 мамыр, жексенбі күні Қарағанды орталық саябағында (Каскад алаңы ауданында) Rubin-2022 автовокөрмесі өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары сирек кездесетін және ерекше көліктерді көре алады.

– Көрмеде 50-ге жуық автокөлік ұсынылады. Біз қарағандылықтарға қаламызда қандай ерекше машиналар бар екенін көрсеткіміз келеді. Авто көрме сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Көрермендер көліктерді көріп, суретке түсіре алады, бірақ оларға қол тигізуге болмайды, – дейді ұйымдастырушы Алена Коржева.