Шет ауданының Үңірек ауылында "Ер есімі – ел есінде" мемориалы ашылды

Шет ауданының Үңірек ауылында "Ер есімі – ел есінде" мемориалы ашылды

Шет ауданының Үңірек ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған "Ер есімі – ел есінде" мемориалдық ғимараты пайда болды. Ескерткіште соғыста қаза тапқан сарбаздардың, майданнан аман-есен оралған ардагерлердің және тыл еңбеккерлерінің есімдері жазылып, мәңгі есте қалады.

Мемориалды орнатуға қаражатты ауыл тұрғындары да, қазір елдің әртүрлі аймақтарына көшіп кеткен ауыл тумалары да жинады.

Жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Құран оқыды. Мемориалға гүл шоқтарын қойды.

– Ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерімізге арналған бұл ғимарат жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге елеулі үлес қосады деп есептеймін, – деді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров. – Ең бастысы, елімізде бейбітшілік орнауы керек. Осындай игі істер барлығына үлгі болсын!

Биыл Үңірек ауылына 90 жыл толады. Мемориалдың ашылуы мерейтойды атап өтуге орайластырылған бірқатар жобалардағы іс-шаралардың бірі.