Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қарағанды – Алматы тас жолында автошеру өтті

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қарағанды – Алматы тас жолында автошеру өтті

Жазғы демалыс қарсаңында Қарағанды-Алматы республикалық тас жолында «Балалар мүддесін қорғайтын керуен» автошеруі өтті. Акцияны Қызыл Жарты Ай Қоғамының алғашқы көмек көрсету жөніндегі нұсқаушы қызметкерлерінің қолдауымен және қатысуымен облыстық полиция департаменті ұйымдастырды.

Автошеруге қатысушылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Жол жүру барысында жол белгілерін талдап, түсіндіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді, парақшалар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Соның ішінде халыққа вакцинация және салауатты өмір салты қажеттілігі туралы айтылды. Жеке блокта алғашқы көмек көрсету тәсілдері оқытылды.

Акция 6,5 мыңнан астам адамды қамтыды. Іс-шараға Қарағанды облысының аудандық және қалалық әкімдіктері, білім бөлімдері, учаскелік инспекторлар және басқалар қолдау көрсетті.