
Beautiful Art балалар шығармашылығы студиясының есептік экспозициясында 60-тан астам жанрлық жұмыс ұсынылады. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 13 мамыр күні сағат 12:00-де "Өнер – бұл өмір" көрмесі ашылады.
Beautiful Art студиясын екі жыл бұрын суретші және ағартушы Дмитрий Кецман құрған. Ол Қарағанды гуманитарлық колледжі мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ кәсіптік-көркемсурет факультетін тәмамдаған. Дмитрий Кецман төрт жылдан астам уақыт "Жас академик" балалар орталығында жұмыс істеді.
Бейнелеу студиясы кешенді көпсалалы бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Мұнда сурет, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, киім-кешек өнері оқытылады. Мұғалімдердің айтуынша, жас суретшілер натюрморттарды, флористика мен жануарларды жақсы көреді.
Көрме ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты болады.
Қарағандылықтар мен қала қонақтары экспозицияны 22 мамырға дейін тамашалай алады.