Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған биоматериал әзірледі

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған биоматериал әзірледі

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіру үшін қолжетімді биоматериал – гидроксиапатит әзірледі. БҒМ Жану проблемалар институтының қызметкерлері жасап шығарған сүйек алмастыратын материал шетелдік аналогтардан 3 есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алды.

– Гидроксиапатит биологиялық шикізаттан термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификациямыз уақытты көбейту арқылы, бір жерде жоғары температура режимін таңдау арқылы және т.б. алу әдісін жақсарту болып табылады, нәтижесінде біз жақсартылған кристалды құрылымы бар және өнімнің жоғары тазалығы бар жоғары сапалы материалға қол жеткіздік (95%). Осындай жоғары сапалы ГАП-ты шетелдік компаниялар бір грамм үшін шамамен 32 мың теңгеден сатады. Біздің материалдың бір граммы 10 мың теңге тұрады, – деді ҚР БҒМ Жану проблемалар институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.

Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйектердің зақымдануымен, сынықтармен, пластикалық хирургияда – бет сүйектерінің пластикасы мен тістерді имплантациялау кезінде қолданылады.

– Гидроксиапатитпен жабылған имплантаттар қабылдамау реакциясын тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді байланыса алады, қалпына келтіру процесін жеделдетеді. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиапатит импорттық материалдарды алмастыра алады, – деп атап өтті Зұлқайыр Мансұров.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелетін базаларында ғылыми еңбектер жарияланды, бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша