
Қарағанды зоологиялық саябағында арыстандар отбасы толықты. Дәстүр бойынша хайуанаттар бағының қызметкерлері жаңа туған күшіктерге ең жақсы есімдер таңдау бойынша конкурс жариялады.
Байқауға 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар қатыса алады. Тағы бір шарт – Instagram-дағы хайуанаттар бағының @krgzoo әлеуметтік парақшасына жазылу керек.
Ұйымдастырушылар арыстан күшіктері еркек екенін ескертеді.
Байқау қорытындысы 29 мамыр, жазғы маусымның ашылу күніне орай шығарылады.
Хайуанаттар бағында хабарлағандай, көктемнің басталуымен мұнда нағыз сақман басталған. Жыл басынан бері үш қонжық, екі арыстан, қасқыр, үш құлын, жеті лақ, тоғыз қозы, бота, бұзау және нәресте як дүниеге келді.