13 мамырда Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

13 мамырда Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағандылықтарды қалалық Бос орындар жәрмеңкесіне шақырады. Іс-шара 13 мамырда Global City СОО-да келесі мекенжай бойынша өтеді: 134-ші есептік орам, 921-ші құрылыс, 1-ші кіреберіс, 2-қабат (балалар алаңы аймағы) сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін.

Жәрмеңкеге қазір жұмыс іздеп жүрген кез-келген азамат келе алады. Ұйымдастырушылар жұмысқа орналасу үшін келесі санаттағы жұмыссыздарға әлеуетті орындарды ұсынуға дайын:

- жұмыссыз жастарға, университеттер мен колледждер түлектеріне;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;

- пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге болады.

Байланыс телефондары: 996-397, 996-393, 8-775-644-35-80 (WhatsApp).