
Қарағандыдағы кеншілер мәдениет сарайының сахнасында аға буын өкілдерінен құралған хор ұжымы өнер көрсетті. Сәтбаевтан 89 жастағы әнші келді. Пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін дәстүрлі "Ардагерлер ән айтады" облыстық фестивалі офлайн-форматқа қайта оралды.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арнаған бағдарламаларын облыстың қалалары мен аудандарынан жиналған 25 хор ұжымы ұсынды.
- Біздің хор 1998 жылы құрылды. Қазір онда 20 қатысушы бар және репертуарымыз 60 әннен тұрады. Бұл фестивальде "Жеңіс туралы жыр", "Сағыныш" және "Туған ел" шығармаларын орындадық. Ауданда бізді жақсы біледі және үнемі қолдайды. Нұр-Сұлтанда өнер көрсеттік, жақын арада Түркістанға баруды жоспарлап отырмыз, - деді Ақтоғай ауданының "Ардагерлер" хорының жетекшісі Қарлығаш Малыбаева.
Қарағандыда жарты ғасырдан астам уақыт "Вдохновение" халық хоры өнер керсетіп келеді. "Молодежный" МҮ орналасқан ұжым қазір ән өнерінің 20 әуесқойын жұмылдырып отыр. Хордағы ең үлкен орындаушы 84 жаста.

Сатбаев қаласының "Самоцветы" халық хорының қатысушысы, тыл еңбеккері Лидия Власова 25 мамырда 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.
- Мен әнді жақсы көремін, әрқашан ән айтамын – үйде де, қонақта да. Хорда 15-ші жыл өнер көрсетіп келемін. Мен медикпін, Маршан фельдшерлік-акушерлік мектебін бітірдім. Денсаулық сақтау саласында 46 жыл жұмыс істедім, - деп бөлісті орындаушы.
Фестиваль "Ән шырқайық, достар!" мерекелік кешімен аяқталды. Қарағанды эстафетаны Балқаш қаласына тапсырды, онда хор ұжымдары келесі жылы жиналады.