
12 маусымда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Осакаров ауданы мен Шахтинскіде орын алған кадрлық өзгерістер туралы хабарлау үшін актив жиналысын өткізді.
Осакаров ауданының бұрынғы әкімі Сержан Аймақов лауазымынан босатылып, Шахтинск қаласының әкімі болып тағайындалды».
Бұдан бұрын Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болған Нұржан Әбілдин аудан әкімі болды.
Тағайындау ҚР Президенті әкімшілігі мен мәслихат депутаттарының келісімімен жүргізілді.
Шахтинскінің бұрынғы әкімі Александр Аглиулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Оның жаңа жұмысы жайлы кейінірек хабарланатын болады.
С.Аймақов 1961 жылы туылған. Екі жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша инженер-механик, экономика бакалавры. 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары, сосын әкім болған. Қарағанды облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті. 2011 жылғы қазаннан бастап қазіргі кезге дейін Осакаров ауданының әкімі болды.
Ш.Әбілдин 1962 жылы туылған. Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Біліктілігі бойынша экономист.
Коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің бірінші орынбасары, сосын әкім орынбасары болып қызмет етті.
2006 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Осакаров ауданының әкімі болды. Бұл лауазымда құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар мәселелеріне жетекшілік етті.
Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының әкімі қызметіне Шахтинск қаласының бұрынғы әкімі Александр Аглиулин тағайындалды.
13 маусымда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Балқаш қаласында жұмыс сапарында болып, актив жиналысын өткізді, онда кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. Өзінің өтінішімен Ардақ Райымбеков Балқаш қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Бұл қызметке ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен өңір басшысының шешімімен А.Аглиулин тағайындалды.
А.Аглиулин 1975 жылы туған. Білімі жоғары, Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам уақыт бойы еңбек етуде. Абай ауданы әкімінің аппаратында жұмыс жасады. Абай қаласы әкімінің орынбасары, одан кейін қала әкімі болды. Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы қаңтардан қазіргі тағайындалуға дейін Шахтинск қаласының әкімі болды.