
Биыл Майқұдықтағы басты көшені жөндеу аяқталады. Карл Маркс көшесінде жолдың 800 метрін жөндеу және жаяу жүргіншілер аумағын абаттандыруды аяқтау қалды. Сонымен қатар, мердігер пайдалану кезінде анықталған барлық кемшіліктерді қайта жасайды.
Сондай-ақ тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұру жөніндегі ұсыныстары ескерілетін болады. Жаңа жолдың кепілдеме мерзімі – 5 жыл.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қала бойынша жұмыс сапары кезінде Майқұдықта салынып жатқан бірқатар нысандарды тексерді. Аймақ басшысына жолдарды жөндеу туралы да есеп берілді.
Восток-1, 2, 3 ықшамаудандарының айналма жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Фрезерлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, қазір асфальтбетонның төменгі қабатын төсеу және жер төсемінің иірімдерін анықтау жүріп жатыр.
Өңір басшысы 5 қабатты үш тұрғын үй салынып жатқан 14-ші шағын аудандағы құрылыс алаңына барды. Үйлердің бірі мамыр айында, қалған екеуі жаз соңында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Жеңіс Қасымбек Қарағанды әкіміне құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды. Тұрғын үй мерзімінде тапсырылуы тиіс.
Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі Саят Шайминнің айтуынша, абаттандыру жұмыстары Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск ақшам аудандарында өтеді.
- Әрбір сектор бойынша 12 аула аумағын абаттандырамыз, - деді аудан басшысы. - Мұнда аула аумақтарын асфальттау, қырлы тастарды ауыстыру, жиек тастарды орнату, жарықтандыру тіректері бойынша жұмыстар кіретін болады. Сондай-ақ, 45 балалар ойын алаңы мен бес футбол алаңын орнату қарастырылған.
Жеңіс Қасымбек 11а шағын ауданында қазақ тілінде оқытатын жаңа мектепті аралап көрді. Құрылысшылар жұмысты аяқтады. Мектеп аумағын абаттандыру қалды. Нысанды білім басқармасының ведомствосына беру процесі басталды.