ҚР ИИДМ басшысы Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал тас жолының учаскелеріндегі құрылыс жұмыстарын тексерді

ҚР ИИДМ басшысы Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал тас жолының учаскелеріндегі құрылыс жұмыстарын тексерді

Қарағанды ​​облысына жұмыс сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. 

Қайырбек Өскенбаев 1492-1517 шақырым аралығындағы учаскедегі жұмыстарды тексерді, бұл аралықтағы автожолды қалпына келтіру жұмыстарын «ҚазГерСтрой» ЖШС айналысып келеді. Министр сондай-ақ «Sinohydro Corporation Ltd», «SMS» және «CITIC Construction Co.Ltd» мердігер құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.

Сапар қорытындысы бойынша министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының барысы бойынша жекелеген мәселелерді бақылауға алды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk