Тарихқа көз жүгірту: Қарағанды жастарын байқауға қатысуға шақырады

Тарихқа көз жүгірту: Қарағанды жастарын байқауға қатысуға шақырады

Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайы «Жеке іс-қағаздар ізімен...»  шығармашылық және зерттеу жұмыстарының облыстық конкурсын өткізеді. Ол 31 мамырда Қазақстанда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні туралы Жарлықтың қабылданғанына 25 жыл толуына арналған.

Қатысушылардың жасы 14-тен 25 жасқа дейін. Байқауға жеке де, ұжыммен де қатысуға болады.

Ұйымдастырушылар байқаудың үш тақырыптық номинациясын жариялады: «Адам тағдырының трагедиясы» көркем сөзі, «Ұмытылмас естеліктер...» еске алуы және «Өткен күндер елесі...» зерттеу жұмысы.

Өтінімдер мен жұмыстар 20 мамырға дейін қағаз күйінде және электрондық түрде мына мекенжай бойынша қабылданады: museumkz@mail.ru («Жеке іс-қағаздар ізімен...»  конкурсына» деген белгімен).

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Финал туралы ақпарат сайтқа орналастырылады: museum-karaganda.kz.

Мұражайдың мекен-жайы: Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 38.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-45-63.