
«Еңбек жолы» конкурсының аймақтық кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды. Ол үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Салаға қарамастан, барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
- «Үздік еңбек әулеті» - еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;
- «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер қала және аудан әкімдіктерінде 10 маусымға дейін қабылданады.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары облыстық байқауға шығады. Оның нәтижелері бойынша облыстың намысын республикалық деңгейде қорғайтын үздік әулеттер мен қызметкерлер анықталады.
«Еңбек жолы» байқауына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының еңбек инспекциясы бойынша мемлекеттік басқару органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасынан (байланыс телефоны: 8 (7212) 432062) және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сайттарынан алуға болады.