
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
Президент қаулы етті:
1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;
2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;
3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құруға.
Жарлыққа сәйкес, жол картасы және оны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар бір ай мерзімде қабылдануы тиіс.
Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жарлықтың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
akorda.kz