Қарағанды облысында WorldSkills Karaganda - 2022 аймақтық чемпионаты басталды

Қарағанды облысында WorldSkills Karaganda - 2022 аймақтық чемпионаты басталды

Қарағанды облысында WorldSkills Karaganda - 2022 кәсіби шеберліктің VI өңірлік чемпионатының ашылуы өтті. Ауқымды "жұмыс қолдары олимпиадасы" екі апта бойы, 3-14 мамыр аралығында өңірдегі колледждер базасында 17 жарыс алаңында өтеді.

Білім басқармасының мәліметінше, биыл өңірлік чемпионат 52 құзыреттілік бойынша өткізіледі. Оған колледждердің 350 студенті қатысады. Жеңімпаздар WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында өз шеберліктерін көрсететін болады.

WorldSkills чемпионатының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру. Мұндай жарыстар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтер туғызады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қарағанды облысынан республикалық чемпионатқа колледж студенттері 32 құзыреттілік бойынша қатысты. Он қатысушы жүлделі орындарға ие болды, сегізі медальондардың иегері болды.