"Сарыжайлау" кинотеатры қарағандылықтарды фильм көрсетілімі мен мерекелік концертке шақырады

"Сарыжайлау" кинотеатры қарағандылықтарды фильм көрсетілімі мен мерекелік концертке шақырады

"Сарыжайлау" кинотеатрында 4 мамыр күні сағат 14:30-да "Қарағандылық кеншілердің еңбек ерлігі" атты қиын заманда тыл еңбеккерлерінің жұмысы туралы бейнефильм көрсетіледі, сондай-ақ мерекелік концерт өтеді. Іс-шаралар ҰОС Жеңіс күніне арналған.

Концертте Академиялық музыкалық комедия театры мен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің орындауында патриоттық әндер шырқалады.

Мерекенің құрметті қонақтары соғыс және тыл ардагерлері болады.