Қарағанды дәрігерлері кесарь тілігін жаңа тәсілмен жасады

Қарағанды дәрігерлері кесарь тілігін жаңа тәсілмен жасады

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының № 1 перинаталдық орталығының басшысы Жанар Жарова жаңа әдістерді қолдана отырып, "кесарь тілігі" операциясын өткізді. Оған Омбы мемлекеттік медицина университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Баринов көмек көрсетті.

Орган сақтау операциясы кезінде Қазақстанда алғаш рет Жуковский әдісі бойынша екі баллонды тампонада мен метропластика жасалды. Бұл әдісті Омбы мемлекеттік медицина университетінің дәрігерлері ойлап тапқан және әйелдің жатырында бірнеше тілік болған жағдайда қолданылады. Бұл әдіс акушерлік қан кетуді азайтуға және жатырды сақтауға мүмкіндік береді, бұл болашақта әйелге тағы бір жүктілікке мүмкіндік береді. 

Профессор Сергей Баринов перинаталдық орталықта "Акушерлік саладағы шұғыл жағдайларда хирургиялық көмек көрсету және процесті басқару" шеберлік сабағын өткізді. Дәрігерлерге кеңес беріліп, клиникалық жағдайларды талдау және жаңа әдістерге оқыту өткізілді.  Семинарды AlphaMedGroup компаниясы ұйымдастырды.

– Біз бұл шеберлік сабағын күттік, – дейді Жанар Жарова. – Бұрын біздің орталықта мұндай операцияларды жасаған жоқпыз. Жаңа әдісті қолдана отырып, біз босанғаннан кейінгі қан кетулер мен органды кесу операциялардың санын төмендетіп, аналарымыз үшін қауіптерді азайтамыз деп үміттенемін. Бұл әдісті қолданған соң әйелдер операциядан кейін 1,5–2 жылдан кейін келесі жүктілікпен келеді деп сненеміз.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша