
MEGOGO командасы KhanCast Қазақ хандығының тарихы туралы аудиожобаның іске қосылғанын жариялады. Әр шығарылым тек қазақ билеушілеріне ғана емес, сонымен қатар тарихтағы белгілі бір кезеңге арналған.

Аудио жоба 10 әңгімеден құралған. Олардың әрқайсысы Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Кеңес хандарына арналған.

Билеушілердің өмірі мен қызметін кәсіби тарихшылармен бірге жүргізуші Айым Тілепберген зерттеуде. КhanСast тыңдармандары Қазақ хандығының пайда болуы мен қалыптасуы, өркендеу дәуірі, жерлердің бірігуі, мемлекет шекарасының нығаюы, қос өкімет және т. б. туралы біледі.

Подкастты MEGOGO мобильді қосымшасының "Аудио" бөлімінде iOS және Android негізіндегі смартфондарда және Android Auto және Apple CarPlay аудиожүйесі бар автомобильдерде тегін тыңдауға болады. Сондай-ақ, жоба Smart TV ("Шоу" бөлімі) және MEGOGO веб-нұсқасында қолжетімді.