Балқашта қызғалдақтар фестивалі өтті

Балқашта қызғалдақтар фестивалі өтті

Балқаштың Гүлшат кентінде алғаш рет "Тюльпан-фест" ұйымдастырылды. Мереке Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

Іс-шараға мектеп оқушылары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері және мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері қатысты.

Жас балқаштықтар үшін жабайы дала қызғалдақтарының ерекшеліктері мен олардың таралу тарихын білуге арналған викторина ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама дайындады.

Сондай-ақ, барлық тілек білдірушілер спорттық жарыстарға қатыса алды.

Әкімнің орынбасары Саягүл Жақсылықова жиналған қауымды өзінің кіші отанын қорғауға және табиғат сұлулығын сақтап қалуға шақырды.

– Біз өз өлкемізді, оның табиғатын сүюге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға тиіспіз. Сондықтан фестиваль қызғалдақтарды, демек, біздің даланың экологиясын сақтау ісінде пәрменді құралға айналуы тиіс, – деді Саягүл Жақсылықова.