Шахтинск тұрғындары өзен арнасын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды

Шахтинск тұрғындары өзен арнасын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды

Шахтинск жастары өзен арнасын қоқыстан тазартып, 50 ағаш пен бұта отырғызды: терек, жабайы алма, акация, бөртегүл. Қалада Jasyl aimaq аймақтық жастар экологиялық акциясы басталды.

Оған 80-ге жуық адам қатысты.

– Жыл сайын қоршаған ортаны сақтау бойынша қозғалыстар мен жобаларға қатысатын шахтинскіліктердің саны көбейіп келе жатқаны қуантады. Jasyl aimaq акциясы бізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы көктемде мыңға жуық көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Біз Тәуелсіздік алаңын көгалдандыруды ұйғардық. Бұл біздің қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, – деді Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жасұлан Хамитов.

Қала билігі атап өткендей, көгалдандыру жөніндегі мердігерлік ұйым екпелерді күтіп ұстайды, оларды суарады және оларға күтім жасайды.

Акцияның екінші кезеңі су қоймасының жағалауын тазарту болды. Шахтинскіліктер оны Үшінші өзен деп атайды.

Еріктілер мен белсенді қала тұрғындары жағалаудағы барлық қоқыстарды жинап, өзен арнасын тазартты.

Сондай-ақ 30 сәуір күні Шахтинск аймағында жалпықалалық сенбілік өтті. Оған 500-ге жуық адам қатысты. Олар үш рұқсат етілмеген полигонды тазартты. Бұл ретте 12 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қаладағы бос жерлер, облыстық жол бойындағы аумақтар мен гараж массиві қоқыстан тазартылды.