Қарағандылықтарды республикалық экологиялық акцияға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды республикалық экологиялық акцияға қатысуға шақырады

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өңір тұрғындарын 30 сәуірде сағат 10:00-де басталатын "Бірге таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысуға шақырады.

Ол рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күресуге және қоқыс жинауға, тазалықты сақтауға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Акция барысында қатысушыларға қатты тұрмыстық қалдықтарды қалай сұрыптау, оларды "бөл, тапсыр, қайта өңдеу!" жобасы аясында қайта өңдеуге жіберу туралы түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Барлық тілек білдірушілер Университет көшесіндегі үйдің бойындағы жолда (ҚарУ-ға қарай) күтеді.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы