Балқаштағы жүгіру-плоггинг барысында 300 келіден астам қоқыс жиналды

Балқаштағы жүгіру-плоггинг барысында 300 келіден астам қоқыс жиналды

Балқашта ұйымдастырылған сенбілік ерекше форматта өтті. Шара қоқыс жинаумен біріктірілген спорттық жарыс ретінде ұсынылды.

Плоггинг қалалық "Балқаш" спорт клубының бастамасымен өтті. Санитарлық тәртіп орнату және абаттандыру бойынша екі айлық аясындағы экологиялық акция қаланың 85 жылдығына арналды.

– Бұл бағыт әлемнің көптеген елдерінде танымал. Жақында Қазақстанда да өткізіле бастады. Біздің Балқашта алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деп атап өтті Балқаш спорт клубы басшысының орынбасары Қанат Ордабаев.

Жарысқа "Халық банк" қызметкерлері, колледж студенттері, жаттықтырушылар, "Балқаш" спорт клубының тәрбиеленушілері қатысты. Жүгіру мен тазалықты сүйетіндер Тұңғыш құрылысшылар саябағының аумағын ретке келтірді. Полигонға қоқыс салынған 45 қап жіберілді. Олардың жалпы салмағы 300 келіден асты.