Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қарағандылықтармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 6 мамырда Бұқар жырау даңғылы, 32 мекен-жайындағы Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Уақыт қосымша хабарланады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-7212) 42-57-09 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе 109 нөмірі бойынша (тәулік бойы), сондай-ақ Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығының senim109.kz порталында "облыс әкімімен кездесу үшін" белгісімен қалдыруға болады.