Қарағандыда энергетиктер жаңа жылыту маусымына дайындықты бастады

Қарағандыда энергетиктер жаңа жылыту маусымына дайындықты бастады

Қарағандыда жылыту маусымы аяқталды. Алдағы қысқа дайындық бірден басталады.

"Караганда Энергоцентр" ЖШС-де жылу көздеріндегі жөндеу науқанының жоспарлары туралы айтылды.

"ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те негізгі жабдықтарының 26 бірлігі алдағы қысқы кезеңде жүктемені көтеруге дайын болады. 13 қазандық агрегатта, 10 турбоагрегатта және үш су жылыту қазандығында күрделі, кеңейтілген ағымдағы және ағымдағы жөндеулер жүргізіледі. Жөндеу жоспары мен кестесі анықталды, қажетті ұйымдастырушылық-техникалық дайындық жүргізілді, мердігерлік ұйымдармен шарттар жасалды", – делінген компания хабарламасында.

Жөндеу жұмыстарының бюджеті 11,8 млрд теңгені құрайды.

Компанияның мәліметінше, ЖЭО-3-те екі қазандық агрегаты мен екі турбинаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-1-де 2 мамырдан бастап екі қазандық агрегатын күрделі жөндеуге кірісу жоспарлануда. Кестеге сәйкес су жылыту қазандығын ағымдағы жөндеу басталады.

Барлық жоспарланған жұмыстарды 30 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.