Қарағандылық жанкүйерлерді қазақ күресінен облыстық турнирді тамашалауға шақырады

Қарағандылық жанкүйерлерді қазақ күресінен облыстық турнирді тамашалауға шақырады

3 мамырда Қарағандының "Жастар" спорт кешенінде қазақ күресінен "Сарыарқа Барысы" облыстық турнирі өтеді. Облыстың ең мықты палуандары ұлттық күрес жанкүйерлерін қызықты жекпе-жектермен қуантады.

Біріншіліктің жеңімпаздары біздің өңірдің намысын республикалық деңгейде - "Қазақстан Барысы" супертурнирінде қорғайтын болады. Жанкүйерлер үшін кіру тегін. Жарыстың салтанатты ашылуы сағат 12:00 басталады. Сондай-ақ, Instagram-дағы @karsportregion парақшасында тікелей эфир жоспарланған.

Қазақ күресі – Қарағанды облысындағы ең танымал ұлттық спорт түрлерінің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы тұңғыш рет "Қазақстан Барысы" біріншілігінің чемпионы болып дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Қазақстан чемпионаттарының, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Ержан Шынкеев атанған балатын.