
Республикалық турнирдің төртінші турының қорытындысы бойынша шайбалы хоккейден 2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР федерациясының Кубогы Қарағанды мұз жасағы бірінші орынға ие болды. "Юность-Металлург" командасы тоғыз ойында тоғыз жеңіске жетті.

Қорытынды тур Қарағандыда "Досжан-спорт" мұз айдынында өтті. Жарысқа Қарағанды командасынан басқа, "Алма-Ата" (Алматы қ.), "Ертіс" (Павлодар қ.), "Горняк" (Рудный қ.), "Астана" (Нұр-Сұлтан Қ.), "Ястребы" (Сәтбаев қ.), "Молния" (Ақсу қ.), "Тұран" (Шымкент қ.), "ПСО" (Екібастұз қ.) және "Алға" (Бішкек қ., Қырғызстан) командалары қатысты.
Негізгі бәсекелестермен жүлделі орындар үшін күресте нағыз шайқас болды. Қарағанды командасы овертаймда 4:3 есебімен "ПСО" командасын жеңіп, 11:3 көрсеткішімен "Тұран" командасынан басым түсіп, 7:0 "Молния" командасын жеңді.

Нәтижесінде "Юность-Металлург" 100 ұпай жинап, федерация кубогын жеңіп алды. Екінші орында "ПСО" (Екібастұз қ., 84 ұпай), үшінші орында – "Тұран" (Шымкент қ., 80 ұпай).
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша