
Қасиетті Рамазан айының басынан бастап Әл-Машани мешітінің қызметшілері мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын таратты. Тағы бесеуі ақшалай көмек алды.

Қаржылық көмек жамағат жинаған пітір-садақа қаражатынан бөлінген. Отбасылардың қажеттіліктері мұқият зерттеліп, әрқайсысына көмек көрсетілді.
– Мешітте мұқтаж адамдардың тізімі бар. Олар үнемі жаңартылып отырады. Бізде ай сайын қандай да бір көмек алған отбасылар белгіленетін электрондық база да бар. Ораза кезінде адамдар мешітке пітір садақа береді. Біз жыл сайын жиналған қаражатты аз қамтылған отбасыларға таратамыз, – деді мешіттің наиб-имамы Бейбіт Бақытжанұлы. – Биыл бес отбасына көмек көрсетілді. Айтқа дейін тағы бірнеше адамға қолдау көрсетіледі. Көмек көрсетер алдында біз адамдардың шынымен мұқтаждығын тексереміз.

Сондай-ақ, Ораза кезінде мешіт көп балалы отбасыларға 50 азық-түлік жиынтығын таратты. Сонымен қатар, күн сайын жатақханаларда тұратын 3500 студентке ауыз ашарға ыстық тамақ әзірлеп? Таратып отыр.

Құрбан айт кезінде мешітте тағы 300 отбасына азық-түлік көмегін көрсету жоспарланған.

– Біз үнемі қайырымдылықпен айналысамыз. Тек өткен жылы ғана халыққа 60 миллион теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілді. Бұл азық-түлік жиынтығын тарату, ақшалай көмек және отын сатып алу. Сондай-ақ, жем-шөпті еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарына жібердік, – дейді Бейбіт Бақытжанұлы. – Біз көмекке жүгінгендердің барлығына қол ұшымызды созуға тырысамыз. Кейде адамдарға кішкене қолдау жетіспейді. Біздің тәжірибемізде кедейлік шеңберіндегі адамдарға бір реттік көмек көрсеткен жағдайлар бар, содан кейін олар аяққа тұрып кеткен. Ал қазір енді олар басқаларға көмектеседі.