Ақтоғай ауданының жас спортшысы қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанды

Ақтоғай ауданының жас спортшысы қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанды

Шымкентте қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында Қарағанды облысының намысын Ақтоғай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі филиалының Сарышаған ауылындағы 15 жастағы тәрбиеленушісі Темірлан Мәуленқұл қорғады. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Қазақстан чемпионы атанды.

– Бұл біз үшін ҚР чемпионатының алғашқы алтын медалі. Темірлан – біздің еліміздің алғашқы чемпионы. Ол алты жекпе-жек өткізіп, финалда шымкенттік спортшымен кездесті. Темірлан Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты. Осы уақытқа дейін облыстық жарыстар мен 2021 жылғы республикалық турнирдің жеңімпазы болған, спорт шеберіне үміткер атағы бар. Қазақ күресімен 2018 жылдан бері айналысады. Мен жүзден астам баланы жаттықтырамын. Бүгінгі таңда біз облыс чемпиондарын, республикалық турнирлерге қатысушыларды дайындадық, – деді Сарышаған ауылындағы Ақтоғай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі филиалының жаттықтырушысы Бертілек Хуанган.

Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатына барлығы 1030 жас спортшы қатысты.