
ІІМ "Қорғау – қауіпті жүргізуші" мобильді қосымшасын іске қосты. Онда "Сергек" жүйесі камераларының, жедел басқару орталықтарының және ІІМ мобильді қосымшаларының мүмкіндіктері біріктірілген.
Мәліметтер тікелей қызметкерлердің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде автомобильдерді анықтауға мүмкіндік береді:
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен;
- техникалық байқаудан өтпегендер;
- сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын;
- бағдар бойынша іздеушілер, соның ішінде айыппұл бойынша қарыздары бар ЖҚЕ қасақана бұзушылар;
- полиция қызметкері 10 минут ішінде екіден көп бұзушылық жасаған "қауіпті жүргізуші" туралы ақпарат алып, оған қатысты алдын алу шараларын қабылдай алады.
Шымкентте осы қосымшаны пайдалана отырып, жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бір күнде 95 автокөлік ұсталып, айыппұл тұрағына жіберілді, оларда екі мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері тіркелген. Осыған ұқсас іс-шаралар Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткізіледі.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мұндай тәжірибе жақын арада еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетінін хабарлады.