Қарағандылық оқушыларды бірлік күніне арналған байқауға қатысуға шақырады

Қарағандылық оқушыларды бірлік күніне арналған байқауға қатысуға шақырады

Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Достық бірлікте» тақырыбында суреттер мен фотожұмыстар байқауын бастады. Өтінімдер 11 мамырға дейін қабылданады.

Байқауға 1—11 сынып оқушылары қатыса алады. Ол үшін + 7-705-828-76-43 нөмірі бойынша жобалық кеңсенің телеграмм-чатына өз суретіңіздің фотосын немесе аталған тақырыптағы фотожұмысын жіберу қажет. Сипаттамада өз сауалнамалық деректеріңізді көрсету қажет.

Қатысушылардың жұмыстары үш жас санаты бойынша бағаланады:

- 1—3 сыныптар;

- 3—6 сыныптар;

- 6—11 сыныптар.

Байқау қорытындысы 11 мамырда шығарылады. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады. Жеңімпаздарды естелік сыйлықтар күтуде.