
Қарағандыда атмосфералық ауа температурасы тұрақтануына байланысты жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Қала тұрғындарының үйлеріне жылу беру 28—29 сәуірге қараған түні аяқталады.
Қалалық әкімдікте атап өткендей, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім алқалы түрде қабылданды. Бұл ретте синоптиктердің болжамы ескерілді. Жылытуды өшіру аудандар бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.
«Қазіргі уақытта ауа-райы тұрақтанды, ауа температурасы ұзақ мерзімді перспективада қолайлы болады деп болжануда, сондықтан 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні жылыту маусымы аяқталады», — деп хабарлады қалалық әкімдікте.