Шет ауданы тұрғындарының назарына!

Шет ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шет ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 28 сәуірде сағат 12:30-да Жанғұтты би көшесі, 39 мекенжайы бойынша орналасқан Мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – 14:30-да.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-71031) 2-13-04 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыруға, сондай-ақ мына электрондық поштаға жіберуге болады: Ctybaev_oz@krg.gov.kz.